51
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
уа табаракасмука уа таъала жаддука уа лә
илаһа ғойрук”.
2) Тәкбірден кейiнПайғамбарымызға (с.ғ.с.)
салауат оқу.
Имамның мәйiттiң кеуде тұсында тұруы
мұстахаб. Мәйiттiң жасына қарай үлкен-кiшi,
ер немесе әйел болуының айырмашылығы жоқ.
Жаназа намазында жамағат үш сап болып тұру
да мұстахаб.
Өйткенi Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис
шәріпiнде:
لقوله صلى تعالى الله عليه و سلم: «من صلى عليه ثلاثة
»صفوف غفر له
“Кiмде-кiмге үш сап адам жаназа оқыса,
Аллаһ Тағала сол пенденiң күнәларын кешiред-
дi”,
–
деген .
Мысалы – жаназаға бар-жоғы жетi адам
жиылған болса, имам саптан алға шығады. Бiр-
рiншi қатарға үш адам, екiншi қатарға екi адам
және үшiншi қатарға бiр адам тұрады.
«Татархания» кітабында да осылай дел-
лінген: Егер жеті адам жиылса, имам алдына
шығады. Ал бірінші сапта үш, екінші екі және
үшінші сапта бір адам тұрады.
ХХIІІ. Жаназа намазын өткiзуге
құзырлы кiсiлер