ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
82
Ш.Әбілдаева
ф/тел: 74-65-46
«Ақ босаға» газетінің
жауапты хатшысы Ш.Әбілдаева
Сіздің 25.01.2005 жылғы
№51 хатыңызға орай
Шариғат бойынша күйеу баланың қайын
атасы бейітіне баруға толық рұқсаты бар.
Хатыңызда айтылған мәселе теріс ұғымда.
Сондай-ақ, ол марқұмның зияратына барм-
маймын десе де өз еркінде.
Кентау қаласының тұрғыны Тұспаева
Күләндадан
Ө Т І Н І Ш
Менің сізге айтар өтінішімнің негізі –
анам қаңтардың жиырма алтысы 2001 жылы
дүниеден қайтқан еді. Көзі тірісінде маған аман-
нат ретінде басыма 4 құлақ бейіт саларсың деп
еді. Анамның сол өтінішін орындайын десем,
жергілікті имам ешқандай құрылыс салуға болм-
майды деген шешімін айтты.
Сол себепті Сізден анамның осы өтінішін
орындауға рұқсат етсеңіз деп өтінемін.
Өтінішімді
көп
кешіктірмеңіз,
себебі
құрылысшылар тек жазда салғаны дұрыс болар
еді.
Маусымның 27-сі, 2001жыл.