ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
88
нымен қатар пітір садақа адамның ораза кезінд-
дегі жіберген қателіктері мен кемшіліктерін
толтыру үшін беріледі. Абу Дауд ибн Мажа
және хаким ибн Аббастан (р.а.) риуаят етеді:
«
Расулуллааһ (с.ғ.с.) пітір садақаны:
адамның оразасы сөзіндегі қателіктерінен
тазаруы және міскіндерге тағам ретінде
көмек болуы үшін міндеттеген
». Кімде-кім
пітір садақаны айт намазына дейін берсе, онда
ол жай садақа болып қалады.
Пітір садақаны тағамның төрт түрінен ғана
беру - уәжіп. Олар - бидай, құрма, арпа және
мейіз. Егер пітір бидаймен берілсе, онда жарт-
ты сағ беріледі. Егер құрма, арпа немесе бидай
ұны берілсе онда толық бір сағ беріледі, мейізб-
бен берілсе, онда сағтың жартысы беріледі.
Әбу Ханифа мазхабы бойынша сағ 3кг 592
грамға тең, ал сағтың жартысы 1 кг 796 грамға
тең. Пітір садақаға жай бидай бергеннен оның
ұнын беру абзалырақ. Егер де ақшамен берілс-
се ол да одан да абзал болады, өйткені кедейдің
қажеті ақшамен тез өтеледі.
Пітір садақа уәжіп (міндетті) болу үшін үш
шарт болуы керек:
Мұсылман болуы керек.
Азат (бостандықта) болуы керек.
Өзінің қажетінен артық мүлкі болуы керек.
Пітір садақасы әрбір мұсылман ер және әйел