Previous Page  91 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 318 Next Page
Page Background

91

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Пітір садақаны жоғарыдағы аятта айтылған

адамдарға беру керек. Өзіңді асырап отырған

әке-шешеңе пітір беруге болмайды.

Ескерту: Пітір садақаны бидаймен беретін

болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ беру керек.

Жарты сағ - 1 кг. 796 грамға тең. Ақшамен есепт-

тегенде (шамамен әр облыстағы бидайдың сат-

тылу бағасына қарай) 1 кг 796 грамның құнын

беру керек.

Садақаны кімге беру керектігі жоғарыда

айтылды. Бұрынғы уақытта мешітке үкімет

тарапынан бәйтул малдан қаражат бөлінетін,

бірақ қазіргі кезде үкіметтің мешітке қаржы

бөлмейтіндігін, мешіттердің тек қана халықтың

көмегімен жұмыс атқарып жатқандығын есепке

ала отырып мешітке садақа берсеңіздер үлкен

сауап болатындығын айта кеткіміз келеді.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген:

«

Аллаһтың бірлігіне және қиямет күніне

сеніп Аллаһтың мешітін гүлдендіруге үлес

қосқандарға шексіз сауап болады

».

Құрметті мұсылман бауырлар!

Аллаһризалығыүшінжасағанамалдарыңыз,

берген садақаларыңыз, жасаған дұғаларыңыз

қабыл болсын және де Сіздердің барлық игі

істеріңізге бір Аллаһ жар болсын. Әмин!