93
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
кетiп қалса ғана ауыз ашуға рұқсат етiледi. Егер
де олар таң атқаннан кейiн жолға шықса, онда
оларға оразаны бұзу – харам. (Оларға бұл күнi
ораза ұстау қажет). Жолаушы кiсiге қиынға
соқпаса ораза ұстау мұстахаб, егер қиын болса,
онда ораза ұстамаса да болады.
Жылдың басқа мезгiлiнде ораза ұстауға
шамасы келмейтiн қария кiсiге және де ораза
ұстай алмайтын ауруға (өмiр бойы ауыратын)
ораза ұстамауға рұқсат етiледi. Оларға қазасын
өтеу де шарт емес. Оларға күнiне бiр мiскiндi
тамақтандыру уәжiб болады.
Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде былай деген:
“Аллаһ кiсiге шамасы келетiн мiндеттi
ғана жүктейдi”.
(Бақара сүресi, 286-аят).
ПӘТУӘ
Рамазан айын анықтау
Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бас-
стаймын!
Барлық мақтау Аллаһ тағалаға тән және
пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отб-
басына, сахабаларына Аллаһ Тағаланың рахым-
мы болсын.
Шағбан айы 29 күн. Егер келесі күні жаңа ай
туса оған назар аудару керек. Рамазан айының
Исламдағы алар орны мен маңызы айрықша .