Previous Page  90 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

90

күнінен бастап беруге болады. Пітір садақаны

берудің уәжіп уақыты - айттың бірінші күні.

Бірақ бұл уақыттан бұрын немесе кейін беруге

рұқсат етіледі.

Пітірді айт күні айт намазына дейін беру -

мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шариф-

фінде:

«

Оларды (яғни кедейлерді) айт күні қайыр

сұрамас үшін байытыңдар

».

Пітір садақаны бір міскінге беру уәжіп, екі

немесе одан артық адамға бөліп беруге болмайд-

ды. Жамағатқа өз пітір садақасын бір кісіге бер-

руге рұқсат. Пітір садақаны өз қалаңнан басқа

қалаға апарып беруге болмайды, бірақ егер өз

қалаңда міскіндер тойған болса, онда басқа

қалаға барып пітір беруге рұқсат етіледі. Басқа

жерде кедей туысқаның болса да беруге болад-

ды.

Аллаһ Тағала Құранда айтады:

«

Шын мәнінде садақалар (зекеттер),

Аллаһ тарапынан бір парыз. Қолы тар

пақырларға, түгі жоқ міскіндерге. Оны

жинауға белгіленгендерге, көңілдері алынат-

тын (жаңа мұсылмандарға), құлды азат

етуге, борыштыларға, Аллаһ жолына және

жолда қалғандарға беріледі. Аллаһ әр нәрсені

білуші, хикмет иесі

».

(Тәубе сүресі, 60-аят)