Previous Page  86 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

86

Пәтуа

Пітір садақа туралы үкім

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың

атыменбастаймын! БарлықмақтауАллаһқа

тән және Пайғамбарымыз Мұхаммедке

(с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына Аллаһ

Тағаланың рахымы болсын.

Аллаһ Тағала қасиетті Құран кәрімде «Әлде

кім тазарса, ол құтылды. Ол Раббыңның атын

еске алып, намаз оқыды» (Бұл айт намазы).

(Ағла сүресі, 14-15 аяттар).

Кейбір тәфсірші ғалымдардың айтуы бойы-

ынша «Тазарса» деген сөз пітір садақаны берг-

ген адамды білдіреді. «Ол Раббының атын еске

алып» деген айт намазында тәкбір айтуды білд-

діреді. Ибн Хузимат Касир Абдулладан риуая-

ят етеді, ол өз әкесінен естігенін айтады, ал ол

өзінің атасы айтқан хадисті келтіреді:

«

Расулулладан (с.ғ.с.) әлде кім тазарса,

ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып,

намаз оқыды

» - деген аяттың мағынасын

сұрады. Бұған Расулулладан (с.ғ.с.) бұл екі

аятты Аллаһ Тағала пітір садақа туралы

түсіргенін айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

айт мерекесінің алдында бір күн бұрын елге

құтпа оқып, пітір садақа берулеріне әмір етк-

кен.