

279
Намаз
Пайғамбарымыз (с.а.у.) мәйіт хақында
«Намаз
оқылғанға дейін жаназада болған адамға – бір қырат,
көмілгенге дейін болғанға – екі қырат сауап бар». «Екі
қырат деген не?»
–
деп сұрағанға, «Екі үлкен таудай»
– деп жауап қатты
306
.
Ханафилар бойынша, жаназа намазын алыстан сырт-
тай оқу жақсы емес.
Жаназаның апарылуы мен жерленуі
Мәйітті қабірге дейін апару – сол мұсылманға
ең соңғы жасалған қызмет. Сүннет бойынша, өлікті
табыттың төрт жағынан төрт адам ұстап апарады. Он
адам ұстау–мұстахап. Жаназаның басы-қасындағылар
жолда орынсыз сөйлемеу керек. Дауыстап зікір айтыл-
майды, Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыретті ой-
лайды. Жаназаны қабірге қойған кезде жүзін құбылаға
қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ
жағындағы түйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып,
үсті топырақпен жабылғаннан кейін сол жердегі кісілер
қабірдің үстінен үш уыс топырақ алып біріншісінде,
«сендерді осыдан жараттық»
, екіншісінде,
«сендерді
қайтадан топыраққа қайтарамыз»
, үшіншісінде,
«сендерді тағы да қайтадан топырақтан шығарамыз
(тірілтеміз)»
аяттарын оқып салу – мұстахап. Қабірдің
үйілген топырағының биіктігі нар түйе өркешіндей
ғана болғаны жөн. Қабір екендігі белгілі болсын деп
басын тастан тұрғызып, атын жазудың оқасы жоқ. Ай-
наласын қарапайым етіп темірмен қоршауға да болады.
Құраннан «Мүлк» сүресі сияқты кейбір сүрелерді оқуға
болады. Өлік иесіне көңіл айту, жиі-жиі қабірді зиярат
306
Бухари, Жанаиз, 59