Previous Page  275 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 275 / 520 Next Page
Page Background

275

Намаз

6. Намаз оқитын адамның себепсіз бір нәрсеге

мінбеуі немесе отырмауы. Жаназа намазында жамағат

шарт емес. Бір ер мұсылман немесе бір әйел мұсылманның

оқуымен парыз орындалады.

Жаназа намазының сүннеті

Имам жаназаның көкірек тұсында тұруы.

Бірінші тәкбірден кейін «субханака Аллаһумма»

дұғасын «уа жәллә сәнәәука» бөлімімен бірге оқу

керек.

Екінші тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.)

салауат айту.

Үшінші тәкбірден кейін мәйітке, өзіне және күллі

мұсылман қауымына дұға ету. Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) мына дұғасын оқу абзал

305

.

{أللهَمّ اغْفِرْ لِحَيِّنا وَ مَيِّتِنا وَ شَاهِدِنا وَ غَائِبِنا وَ ذَكَرِنا وَ اُنْثَانا وَ

صَغيرِنا وَ كَبيرِنا. اللهُمّ مَنْ اَحْيَيْتَهُ مِنّا فَاَحْيِهِ عَلىَ الاسْلامِ وَ مَنْ

تَوَفّيْتَهُ مِنّاَ فَتَوَفّهُ عَلَى اليمانِ}

Оқылуы: «Аллаһуммәғфир ли хаййнәә уә

мәййтинәә уә шаһидинәә уә ғаибинәә уә зәкәринәә

уә унсәнәә уә сағиринәә уә кәбиринәә.

Аллаһуммә мән ахиәйтәһу миннәә фә ахиһи ‘алал-

исләм уә мән тәуәффәйтәһу миннәә фа тәуәффәһу

‘алал-иман»

Мағынасы:

«Аллаһым! Тірілерімізге, өлілерімізге, осы

жердегілерге және мұнда болмағандарға, ерлерімізге,

әйелдерімізге, кішіміз бен үлкенімізге кешірім ет!

305

Әбу Дәәуд, Жанаиз, 38.