270
Ислам ғылымхалы
Аллаһ Тағаланың «Егер құлым қолындағы ырыстың
шүкірін өтесе, оның ырысын арттыра түсемін» деген
сөзін ұмытпау керек.
* * *
Жаназа намазы
Өлім – негізінде жоқ болу, мәңгілік есінен танып,
шіріп кету деген нәрсе емес. Өлім – рухтың тәннен айры-
лып, ғұмырдан арғы бетіне өтуі. Әһли сүннет бойынша,
рух өлмейді, жоғалмайды.
Абай атамыздың айтқанындай:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ол ойнап, күліп, қайта келмес,
«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес.
Денеден шыққан жан фәни мен бақи әлемнің
арасындағы қабір атты күту әлеміне кетеді. Жақсы мен
жаман бір емес. Екеуінікі екі бөлек дүние. Жақсылар
жәннатқа ұқсас әлемде, жамандар жаһаннамның бір
шұқырына түсіп, қайта тірілгенше рухы азап шегеді.
Шейіттер болса, мүлдем басқа ғажайып әлемде өмір
сүреді. Олардың қабір әлеміндегі адамдардан ең басты
айырмашылығы – өлілер өздерінің өлгендерін біледі,
шейіттер бұл фәниден өткенін білмейді. Өздерін тірі
деп ойлайды. Құранда Аллаһ Тағала:
«Аллаһ жолында
өлгендерге (шейіт) «өлі» демеңдер. Керісінше, олар
тірі. Бірақ сендер сезе алмайсындар»
300
,
– дейді.
300
Бақара, 2/154.