269
Намаз
25/60, Нәмл, 27/25, Сәжде, 32/15, Сад, 38/24, Фүссиләт,
41/37, Нәжм, 53/62, Иншиқақ, 84/20, Алақ, 96/19.
Шүкір намазы және сәждесі
Бір қиыншылықтан құтылған уақытта немесе
жетістікке, яки нығметке бөленген уақытта шүкір
ретінде екі рәкат намаз оқу немесе сәжде жасау –
сүннет. Ислам дұшпаны Әбу Жәһил өлтірілген уақытта
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі рәкат намаз оқығаны
жайлы риуаят бар.
Ал шүкір сәждесі тиләуат сәждесі сияқты жасалады.
Құбылаға қарап, қолын көтермей тәкбір айтып сәждеге
барады. Сәждеде мадақ, тәсбих, шүкір айтқаннан кейін
тәкбір айтып тұрады.
Шағымдануға еш қақымыз жоқ
Бір адам Мәулана Жәләладдин Румидің алдына
келіп, өзінің кедейлігін айтып шағымданады. Ғұлама
одан: «Егер саған, денеңнің бір мүшесін кесіп алып,
орнына мың алтын ұсынса, разы болар ма едің?»,- деп
сұрайды. Жаңағы кісі: «Жоқ, разы болмас едім»,- деп
жауап береді. Сол кезде Мәулана оған ойлана қарап: «Ба-
уырым, олай болса, неге өмір қиыншылықтарын айтып
шағымданасың? Ешқандай алтынның құны жетпейтін
осыншама мүшелерің орнында, денің сау бола тұра, со-
ларды саған тегін берген Аллаһ Тағалаға шүкіршілік
етудің орнына «кедеймін» деп мұң шағу дұрыс па екен?!»
деп төмен қаратқан екен.