Previous Page  268 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 268 / 520 Next Page
Page Background

268

Ислам ғылымхалы

етіп таңдай алмай, көңілі толмаған жағдайда, ең азын

негізге алып, намазын жалғастырады. Мысалы, таң

намазының бір рәкатын оқыдым деп, тағы бір рәкат

қосып оқиды. Бірақ күмәнданған бірінші рәкатынан

соң, тәшәһһудке отырғаннан кейін ғана екінші рәкатын

қосып оқиды. Өйткені, бірінші рәкаты екінші рәкат

болып қалу ықтималы болғандықтан, екінші рәкаттан

кейін ақырғы отырысқа отыру – парыз. Екінші рәкатты

қосып оқығаннан кейін, сәһу сәждесін жасайды.

Тиләуәт сәждесі

Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды

оқыған, естіген адамның сәжде етуі – уәжіп. Тиләуәт

сәждесін жасайтын адамның дәреті, әурет жерінің

жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын

көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Үш рет

«субхана раббиал-а

ла» дегеннен кейін қайта «Аллаһу

әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу – сүннет. Бірақ

артынан «Ғуфранака рәббәнә уа иләйкал-масир» деу –

мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған

қайтамыз».

Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте

қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әр

түрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде

қажет. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жанындағы

адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

Хайыз бен нифастағы әйелдерге сәжде аяты уәжіп

емес.

Сәжде аяттары: Ағраф, 7/206, Рағыд, 13/15, Нахыл,

16/50, Исра, 17/109, Мәриям, 19/25, Хаж, 22/18, Фурқан,