Previous Page  273 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 273 / 520 Next Page
Page Background

273

Намаз

еркектерге тәйәммүм жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

былай дейді:

«Әйел өзінен басқа әйел болмай еркектер

арасында өлсе, еркек өзінен басқа еркек болмай әйелдер

арасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі.

Екеуінің жағдайы да су табылмаған болып санала-

ды».

Шейіт жайында

Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер

жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен

кебінделеді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни,

қандары жуылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.)

былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір

жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді

жайылады

303

. Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен

қоса жерледі. Оларды жумады әрі намаздарын да

оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады.

Шейіттерге жаназа намазы оқылмауының хикметі –

жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі.

Құранда оларға:

«Аллаһ жолында өлтірілгендерді

(шейіттерді) өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп

біле алмайсыңдар»

304

, – деп айтылады.

Жаназаның кебінделуі

Мәйіт жуылғаннан кейін кебін суланбау үшін

құрғатылады. Ер адамның кебіні үшеу:

Әуелгі екеуі: «Изар» мен «Лифафә» бастан аяққа

дейін ұзын болады. Лифафә ең үстінде, бас пен аяқ

ұштарынан буылатындықтан изардан ұзын тұрады.

303

Ахмед ибн.Ханбәл,ІІІ, 299.

304

Бақара, 2/154.