276
Ислам ғылымхалы
Аллаһым! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір
нәсіп ет! Ал арамыздағы ажалы жеткен құлдарыңның
жанын иманмен ала гөр!».
Осы дұғадан кейін жаназаға қарай төмендегі
дұғалардың бірі оқылады:
Егер жаназа ер кісі болса мына дұға оқылады:
{وَ خُصّ هَذا الْمَيْتَ بِالرّوْحِ وَ الرّاحَةِ وَ الْمَغْفِرَةِ وَ الرِّضْوانِ
, أللهًمّ اِنْ كانَ مُحْسِناً فَزِدْ فى اِحْسَانِهِ وَ اِنْ كانَ مُسِيئاً فَتَجاوَزْ
عَنْهُ وَ لَقِّهِ الاَمْنَ وَ الْبُشْرَى وَ الْكَرَامَةَ وَ الزّلْفَى بِرَحْمَتِكَ يا اَرْحَمَ
الرّاحِمينَ}
Оқылуы: «Уә хуссә Һәзәл-мәйитә бир-раухи уәр-
рахати уәл-мәғфирәти уәр-ридуан.
Аллаһуммә ин кәнә мухсинән фәзид фи ихсәниһи
уә ин кәнә мусииән фә тәжәуәз ‘анһу уә лаққиһил-әмнә
уәл-бушрәә уәл-кәрәмәтә уәз-зулфәә бирахмәтикә иә
архамар-рахимиин».
Мағынасы:
«Раббым! Әсіресе мына өліні, рақымға,
рақаттыққа, кешірімділікке және бақыттылыққа
жеткіз.
Аллаһым! Бұл өлі кісі ізгілік істеген адам болса, Сен
оның жақсылығын арттыр. Егер бұл өлі жамандық
жасаған болса, жазасын бермей рақым ет. Күнәларын
кешір.
Бұл өліні қорқыныштан сақта. Рақым-
шарапатыңменсүйіншіле.Оныақыреттебақыттылыққа
бөлеп, жоғары мәртебеге шығар. Ей, рақымдылардың
рақымдысы Аллаһ Тағалам!»