Previous Page  280 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 280 / 520 Next Page
Page Background

280

Ислам ғылымхалы

ету – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр жылдың басында

Ухудтағы шейіттерді зиярат етіп: «Әс-Сәламу алайкум

бимә сабартум фә ни’мә уқбад-даар» – дейтін. (Сабыр

еткендерің үшін сендерге сәлем! Саламатта болыңдар!).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) мазарға зиярат еткен кезде былай

дұға ететін:

{السّلامُ عَلَيْكُمْ دارَ قَوْمِ مُؤمِنين وَ اِنّا اِنْ شاءَ الُ بِكُمْ لاَحِقونَ

اَسْئَلُ الَ لِيَ وَ لَكُمُ الْعافِيَةَ}

«Әс-сәламу а’лайкум дәрә қауми муминин уә

иннә иншаа Аллаһу бикум лахиқун. Әсәлуллоһә лии

уә ләкумл-’афиәта»

(Ей, мұсылман елінің тұрғындары!

Сәлем сендерге. Біз де иншаллаһ сендермен қауышамыз.

Аллаһтан өзіме де, сендер үшін де кешірім, ақырет

қорқынышы мен қиыншылықтарынан амандық

тілеймін).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) алғашқы кезде қабірді

зиярат етуге тыйым салды. Кейін сахабалар мағрипат

дәрежесіне жеткен кезде, мазаратқа зиярат етуге рұқсат

берді.

«Қабірге зиярат етулеріңе тыйым салған едім.

Бұдан былай қабірді зиярат етіңдер. Зиярат сендерге

өлімді еске түсіреді»

307

.

Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға

болады. Бірақ даусын көтеріп, Аллаһқа қарсы келетін

жаман сөздер айтпау керек. Өйткені, Аллаһ Елшісі ұлы

Ибраһим үшін жылаған. Себебін сұраған кезінде ол

«Бұл – құлдарының жүрегіне салған Аллаһ Тағаланың

рақымы. Рақымды құлдарына ғана Аллаһ рақымдылық

жасайды»

308

.

307

Тирмизи, Жанаиз.

308

Бухари, Жанаиз, 44.