Previous Page  149 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 216 Next Page
Page Background

149

Оқылуы:

Әс-сәләәму ғалейкә йә халиифәтә рәсуули-л-лаһи

Әбә Бәкрин ас-сыддииқа әс-сәләәму ғалейкә йә мән

қаалә фи хаққикә рәсуулу-л-лаһи сала Аллаһу ғалейһи уә

сәлләмә, йә Әбәә Бәкрин әнтә ғатииқу-л-лаһи мин ән-

нәәри әс-сәләәму ғалейкә йә саахибә рәсуули-л-лаһи уә

сәәни иснейни из һумә фи-л-ғаари.

Әс-сәләәму ғалейкә йә мән әнфақа мәәләһу күлләһу

фи хүбби-л-лаһи уә хүбби рәсуулиһи хәттә тахалләлә

би-л-ғабаа.

Жәзәәкә Аллаһу ған үммәти рәсуули-л-лаһи хайрә-

л-жәзәәіи,

Аллаһумма арда ғанһу, уә арфағ дәрәжәтәһу, уә

әкрим мақаамәһу, уә әжзил сәуәәбәһу би-фадлыкә уә

кәрәмикә әәмиин.

Мағынасы:

Ассаламу ғалейкум, Алла Елшісінің халифасы

шыншыл Әбу Бәкір!

Саған тыныштық тілеймін. Алланың Пайғамбары

(

с.а.с.

) Сенің шындықты ғана айтатыныңды үлгі еткен.

Иә, Әбу Бәкір! Алла сені тозақтың отынан

құтқарды.

Алланың Елшісінің досы! Үңгірде паналаған

екеудің екіншісі! Алла Сені жарылқасын және

қолдасын.

Саған сәлем бердім. Сен бар байлығыңды ең соңғы

шапаның қалғанша Жаратушы Аллаға, оның Елшісіне

деген сүйіспеншілік жолында жұмсаған адамсың.