148
Қажылық
Әбу Бәкір
Әбу Бәкір (572-634) – Мұхаммед пайғамбарымыз
(
с.а.с.
) қайтыс болғаннан кейін мұсылман үмметін
әділ басқарған төрт халифтың біріншісі. Халиф –
Пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) ізбасары деген мағына
береді. Әбу Бәкірдің қызы Айша – Пайғамбарымыздың
(
с.а.с.
) үшінші әйелі.
Меккенің бай саудагері Әбу Бәкір Мұхаммед
пайғамбардың (
с.а.с.
) Ислам дінін таратудың алғашқы
кезеңінде шынайы жанашыры, адал досы болған.
Өзінің әділдігімен мұсылмандар арасында «ас-Сыдық»
(«Турашыл») деген лақап атпен танымал болды. Әбу
Бәкір жиған байлығының барлығын Ислам жолында
жұмсаған адам. Ол Меккеде Ислам дінін қабылдаған
құлдарды қожайындарынан сатып алып, оларға
бостандық алып берген.
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) Әбу Бәкірге
мұсылмандар 631 жылы Мәдинадан Меккеге жасаған
бірінші қажылықты басқаруды тапсырған.
632-634 жылдары Хижазда (Арабия түбегінің ба-
тыс бөлігінде) мұсылман үмметіне билік жүргізген Әбу
Бәкір заманында Ислам діні Сирия мен Ирак жерінде
тарай бастады.