150
Қажылық
Алла сені Пайғамбарының үмбетімен марапатта-
ды. Бұл марапаттаудың ең жақсысы.
Иә, Алла! Оған ризашылығыңды көрсет, дәрежесін
өсір, мәртебесін биік қыл.
Жомарттығыңмен, мейіріміңмен оның сауабын
көбейт. Әмин.
Одан кейін тағы да оңға қарай бір қадам жасап,
Омар бин әл-Хаттабтың қабірінің алдында оған сәлем
береді.
Омар бин әл-Хаттаб
Омар бин әл-Хаттаб (585-644) – Мұхаммед
пайғамбарымыздан (
с.а.с.
) кейін мұсылман үмметін
әділ басқарған төрт халифтың екіншісі. Омар бин әл-
Хаттабтың қызы Хафса – Пайғамбарымыздың (
с.а.с.
)
төртінші әйелі.
ОнжылбилікжүргізгенОмарбинәл-Хаттабкезінде
араб халифатының әкімшілік-құқықтық негіздері ор-
натылып, Ислам дінінің жасыл туы Мысыр мен Либия,
Иран жерлеріне жетті. 638 жылы Омар бин әл-Хаттаб
Иерусалимді (әл-Құдыс) византиялықтардан азат етіп,
Сүлеймен пайғамбардың (
ғ.с.
) біздің эрамыздың 70-
ші жылдары римліктер қиратқан мінажатханасының
жерінде намаз оқиды. Кейін бұл таулы-тасты жер-
де «Құббат ас-сахра» («Жартастағы күмбез») атты
мұсылмандар қадір тұтатын мешіт тұрғызылады.
Византиялықтар мен парсылардың езгісінде
болған халықтарды мұсылман үмметіне қосқан Омар
бин әл-Хаттабты «Әмир әл-мүіминиинә» «Иман
келтіргендердің Әмірі» деп атаған.