152
Қажылық
«Білмегеніңді түсіндіретін Омардан артық адам
жоқ».
Саған сәлем бердім. Сен кедейлердің, әлсіздердің,
жесірлердің, жетімдердің қамқоршысы болдың.
Алла сені Пайғамбарының үмбетімен марапатта-
ды. Бұл марапаттаудың ең жақсысы.
Иә, Алла! Оған ризашылығыңды көрсет, дәрежесін
өсір, мәртебесін биік қыл.
Жомарттығыңмен, мейіріміңмен оның сауабын
көбейт. Әмин.
Жердегі Жәннәттің бағы деп саналатын «ар-
Рауда аш-Шарифада» қажы құбыла жаққа қарап, Алла
тағалаға мақтау айтып, Мұхаммед пайғамбарымызға
(
с.а.с.
) Алланың шапағатын тілеп, өз атынан, әке-
шешесінің, туған-туысқандардың, дұға бағыштауға
аманат еткендердің, барлық мұсылмандардың атынан
былай деп дұға айтады:
Оқылуы:
Аллаһумма иннәкә құлтә уә қаулукә әл-хаққу:
«уә ләу әннәһум из заламуу әнфүсәһүм жәәіүкә фә-
әстағфәруу Аллаһә уә-әстағфәрә ләһүм әр-рәсуулу
ләуәжәдуу Аллаһә тәууәәбән рәхиимән»