Previous Page  140 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 382 Next Page
Page Background

142

Хикмет

баспа үйі

Бір күні Маруф Кәрһи Хазіреті базарда бір су

сатушыға жолығады. Су сатушы:

«Аллаһ ризашылығы үшін менің суымнан

ішіңдер», - деп дауыстайды.

Маруф Кәрһи Хазіреті «Аллаһ разылығы үшін»

деген су сатушының осы дұғасын алу ниетімен нәпіл

ораза ұстап жүрсе де, сол судан алып ішеді.

Маруф Кәрһи қайтыс болған соң бір әулие адам

түсінде оны тамаша орында екенін көреді де:

«Аллаһ Тағала қай амалың үшін саған осы сыйды

берді?» деп сұрайды. Сонда ол:

«Су сатушының Аллаһ ризашылығын сұрап

жасаған дұғасы үшін» - дейді.

Зұлымдыққа ұшыраған, көңілі қаяу мүминдердің

дұғасын алу сияқты олардың қарғысынан сақтану да

сондай маңызды мәселе.

Сәлжүк Сұлтаны Алауддин Кәйкүбат қаланың

қамалын бітірген кезде Хазіреті Мәуләнәнің әкесі

Бахаүддин Уәләдтан тәбәрік ретінде қамалды көріп,

қамал жайлы пікірін айтуды өтінеді. Бахаүддин

Уәләд Хазіреті барып, жасалғандарды көріп, бы-

лай дейді: «Қамалдарың сел пәлекетін, дұшпан

шабуылының алдын алу үшін керемет тамаша

әрі мықты сияқты. Алайда, сен қол астыңдағы

зулымдыққа ұшырағандармен қиналған адамдардың

қарғыс оқтарына қандай сақтық жасадың? Өйткені,

олардың қарғыс оқтары, тек сенің қамалың сияқты

бір қамалды емес, жүз-мыңдаған қамалдарды тесіп

өтіп, дүниені ойран етер.