140
Хикмет
баспа үйі
қарағанда, үмітсіздікпен жылаған бір жетімді қуантып,
көңілі қаяуадамдарғашаттықсыйлағандардыңжасаған
дұғалары қабыл болатындығы ақиқат. Расында, өзін
күнәсіз санайтын менменшілдердің дұғалары емес,
күнәларының кешірілуі үшін көздерінен кеңілдеріне
үнемі жас ағызғанХақ Тағала ғашықтарының дұғалары
қабыл болуға лайық.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) да дұғаның
қабыл болуын қамтамасыз ету үшін былай дейді:
«Өкініш отына толы көңілмен және жасты кез-
бен дұға ет, тәубе ет! Өйткені гүлдер күнгей, сулы
жерлерде ашылады!»
Сондықтан дұғаның қабыл болуы үшін тек қана
сөзбен сүрау жеткілікті емес. Дұғаны
«хауф пен
рәжә»
, яғни үрей мен үміт сезімдерімен жасауға ты-
рысу керек. Жүрек дұғаның мағынасындағы тілек-
терден дірілдеуі керек. Сонымен қатар дұға күнәнің
кешірілуі үшін болса, сол күнәні енді қайтып істемеу
үшін нақты шешіммен әрі табандылықпен айтылуы
керек.
Риуаят бойынша Хазіреті Мүса (апейһиссәләм) бе-
ріліп дұға еткен бір адамды жолықтырды да, оның
сыртқы халіне қарап, дұғасының қабыл болуын шын
кеңілімен қалады. Сол кезде Аллаһ ТағаладанМүсаға
(алейһиссәләм) мынадай уахи келді:
«Мен ол құлыма сенен де мейірімдімін. Ол тілі-
мен маған дұға етіп жатыр; бірақ жүрегі иелігіндегі
қоралы қойында».
Мұса (алейһиссәләм) осы жағдайды айтқан кез-
де, ол адам дереу бойын жиып, ықыласты көңілмен
Аллаһ Тағалаға бет бұрды.