Previous Page  139 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

141

Екінші жағынан, дін бауырының сыртынан

жасалған дұға да тез қабыл болады. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Бір мүминнің екінші бір мүминнің сыртынан

жасаған дуғасынан да тез кдбылданатын дұға жоқ»

(Тирмизи, Бирр, 50)

деген.

Адамдар дұғасы қабыл болады деп ойлаған адам-

дардан дұға етуін сұрайды. Алайда, дұғаның қабыл

болуын қамтамасыз ететін негізгі себеп ықылас пен

шынайылық. Бұл күнәһардың да мүмин бауыры үшін

шынайы жүректен жасаған дұғасы, Аллаһ алдындағы

мәртебесі өзінен жоғары саналған басқа біреудің

кеңілсіз жасаған дұғасынан да жақсы деген сөз.

Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнәнің мейірім мен мар-

хабат теңізі болған көкірегінен шыққан мына жалба-

рынышы өте үлкен мәнге ие:

«Уа, Раббым! Егер Сенің мейіріміңді тек салих-

тар ғана үміт етуі керек болса, күнәһәрлар кімді па-

налайды?»

«Әй, ұлы Аллаһым! Егер сен тек қас құлдарыңды

қабыл алсаң, күнәһәрлар кімге барып жалбарына-

ды?»

z

Расында пенде күнәһар болса да, бұл Аллаһ

Тағаланың оны тәркі еткені деген сөз емес. Сол себеп-

ті, адамның кімнің дұғасының арқасында мақсаты-

на жетерін тек Аллаһ Тагала біледі. Сондықтан, кім

болса да, Аллаһтың құлдарының біреуінің жүрекпен

жасалған дұғасын алудағы маңызды түсінуі керек.