Хикмет
баспа үйі
қарамастан, тағдырға сай келмейтін кейбір дұғаларға
жауап бермейді. Сол себепті дұға етуші ешқашан
қашпай (үмітсізденбей) дұғаны жалғастыруы керек.
Өйткені мұндай жағдайда дұғаның жауабы ақыретке
қалған деген сөз.
Дұғаның шабытына мінген жүрек ең үлы есікке
қарай жүгінгенін білу керек. Дұға есігінде қайырым
күткенкөңілдер,солрахметесігіндеөмірбойыкүтуден
жалықпайды. Себебі, олардың жан дүниесінде дұға
мен көз жасы, иләһи рахметтен туындағандықтан,
қайғылы көңілдерге жүбаныш пен шаттық сыйлай-
тын бақыт суы, хаққа деген іңкәрлыққа өртенген
жүректер ішкен сайын рахат табатын бір кәусар
сияқты.
Адамдықтың шынайы абыройы мен қасиетіне
күнәларымыздан тазарып жете алатындығымызды
үмытпағанымыз жөн. Өліммен бірге мәңгілік
кешірімнің сырына қанып және Хақ Тағаланың
шексіз сыйына бөленгісі келгендер ең алдымен
көңіл бағындағы гүлдерден ынтамен жасалған дұға
мен жалбарынулар арқылы кешірімнің жүпарын
аңқытуға тырысуы керек. Біз де, шексіз қүдірет
пен мархабат иесі Раббымыздан бізді аяп, кешірімге
бөлеуін сұраймыз.
Уа, Раббым! Ғашыклық пен ынтамен шынайы көз
жасымен иләһи рахмет пен кешірімнен нәсіп алуға
жаз! Иләһи ризашылығыңа қол жеткізу үмітімен
жаратқандарыңа мейіріммен қарауды көңіліміздің
бітпесқазынасыет!Ықыластықұлдарыңныңфәйізді
дұғаларының құрметіне, мүбәрәк отанымызға
бақыттылық пен тіршілік, халқымызға ақиқат пен
жақсылықта бірлік сыйла!
146