Хикмет
баспа үйі
ıµà
Адамзатқа рахмет ретінде жіберілген барлық
Пайғамбарлар және Хақ достары таршылық пен
молшылықта, қайғы мен қуанышта көңілдерін
үнемі Хақ Тағалаға бұрып, мінәжат аясында өмір
сүрген. Олар қандай жағдайда болмасын Раббыға
жалбарынудыңқажетті-лігінхалмен,іс-әрекеттерімен
үйрететін мәңгіліктің бағдаршылары.
Аллаһқа сиыну - жаратылыс заңыжәне құлшылық
шарты. Жер мен көктегілердің барлығы иләһи
жазмышқа бойұсынған халде, сол шексіз құдірет
иесін хал тілдерімен зікір етіп, оған жалбарынуда.
Нақты бір діни тәрбиеде дұға халін мүминнің рухын-
да орнықтыруды мақсат етеді. Өйткені, дұға - ең ұлы
есіктің кілті.
Дұға қайталанған сайын ішкі сезім ретін-
де мүминнің рухына орнығып, болмысымен біте
қайнасып, оның ерекше қасиетіне айналады. Сол се-
бепті, жоғары рухтар үнемі дұға халінде өмір сүреді.
Өйткені олардың жүректері дұғаны ұстанудың
маңыздылығымен байланысты мына аят кәримадағы
иләһи ескертуден қорқады.
136