132
Хикмет
баспа үйі
көзден емес, көңілден ағатын және халыққа емес,
Хаққа ұсынылған тамшылардан тұрады.
Көз жасы туралы тағы бір маңызды мәселе -
жылаудың шағымдану түрінде болмағаны дұрыс.
Өйткені, шағымдануда разылық жоқ, ол ешқашан
қабыл болмайды. Өйткені шағым адамды қарсы ке-
луге (бас көтеруге) жетелеп, қолындағы барын жоқ
қылады. Бұл Хақ Тағаланың азабын шақырады. Біз
мақсат еткен жылау азапты шақыру үшін емес, шы-
найы досты қуанту мен күнә кірлерінен тазару үшін
болғаны.
Қысқасы, өлім келген кезде барлық ұйықтап
жатқандар оянып, яғни, көздерін ашып, ақиқатты
көреді. Бірақ, сол ақтық демде ақиқатты көрудің
ешқандай пайдасы болмайды. Перғауынға солай ти-
мегені сияқты... Хазіреті Мәуләнә қандай жақсы
баяндаған:
«Ақылды адамдар бұрыннан жылайды, білмей-
тіндер іс біткен соң бастарын үрып, қайғырады. Сен
істің басында соңын кер, қиямет күні өкінбе!»
«Бұл турасында мына құстың халі саған ғибрат
болсын, ол аңшының тұзағындағы бидайды көргенде
есі шығып, ақылын қолдана алмайтын халге жете-
ді. Осылайша еріксіз бидайды жейді, бірақ, тұзаққа
түсіп қалады. Енді басын пәлекеттен құтқару үшін
қаншама Ясин, қаншама Әнғам оқыды. Бірақ пай-
дасы не!.. Бәлекет келгеннен соң жылау, айғайлау,
қайғыру керек пе еді?»
Сондай-ақЛутқауымыныңиләһиазаптышақырған
азғындықтары себебінен жойылатындарын естігенде