Хикмет
баспа үйі
127
майтын нәрселерін Раббысынан сұрайды. Сол үшін
ынтықтық көз жасы бұлағының басында жүбаныш
тауып, қаріптер соның жағасында дем алады.
Аллаһ үшін көзден шыққан бір тамшының құнын
мына қисса тамаша жеткізеді:
Жүнәйд Бағдади (құддисә сирруһ) бір күні жолда
кетіп бара жатып, көктен періштелердің түсіп, жерде
бір нәрсеге таласқанын көреді. Олардың біреуінен:
«Неге таласып жатырсыңдар?» - деп сұрайды. Пе-
ріште былай жауап берді:
«Бір Аллаһ досы осы жерден өтіп бара жатып, ын-
тамен бір «аах!..» деді де, көзінен бірнеше тамшыжас
түсті. Солар арқылы Аллаһ Тағаланың рахметі мен
құрметіне қол жеткізу үшін сол тамшыларға таласып
жатырмыз.»
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Екі көз бар, оларғажәһаннамотытимейді, Аллаһ
үшін жылаған көзбен, Аллаһ жолында күзетке ту-
рып таңды ояу атқызған көз».
(Тирмизи, Фәдайлул-Жиһад,
12/1639)
Күнәһардың тәубе және көз жасымен қалай
тазаланғандығына мысал ретінде Хазіреті Мәуләнә,
кірленіп, сосын буға айналып, жер бетіне қайтадан
мөлдір бір рахмет түрінде қайтып түсетін су жайын-
да айтқанында:
«Мөлдірлігі мен тұнықтығынан айырылып, яғни
лайланған соң су да біз сияқты жер бетінде кірленге-
ні үшін мазасызданып, есі кетеді. Өз ішінен өртеніп,
Хақ Тағалаға жалбарына бастайды. Осы өтініштер