126
Хикмет
баспа үйі
«Күнәдан тәубе ету өкініш пен истиғфардан ту-
рады»
(Ахмед бин Ханбал, VI, 264)
хадисі де қайтадан күнәға
түсірмейтін бір тәубеге ишарат етеді.
Сонымен қатар, бұл хадис тәубенің өкінішпен ба-
сталуы қажеттілігін білдіреді. Бұл күнә кірлерінің
шынайы көз жасымен жуылуы деген сөз.
Риуаятта:
Тәубе және өкініш ішіндегі күнәһарға ояу ке-
зінде күнәларының тізімі беріліп, «Мынаны оқы!»
- делінеді. Осы хал алдында күнәһардың жылағаны
соншалық, көз жасынан тізімдегі күнәларды
көрмей қалады. Ақыры, осы шынайы көз жасы сол
күнәлардың барлығын жуып, тазартты. Осылайша
әлгі күнәһар кешірілді.
Сол себепті кейде бір күнәнің кешірілуі үшін мың
көз жасы керек болады, кейде бір тамшы көз жасы
мың күнәні тазартады.
Өйткені көз жасы, иләһи махаббат бақшасына
кірушілер үшін тәубе бұлағы. Күнәларды жуып,
тазалайды. Раббының алдындағы шүкіршіліктің
белгісі. Көз жасы - Аллаһ Тағаланың үміт мекені.
Барлық үміттер үзілген сәтте осы мекеннің есігінде
жылағандар - нағыз бақытты адамдар.
Шынайы көз жасымен әлемге қарағандар үшін
сол тамшылардың әр тамшысы бөтінен мыңдаған
теңіз көрінген айналар сияқты әрбір зәррәда иләһи
сырлар айқын, ашық көрінеді. Қаншама оқылмаған
хикмет беттері сонымен оқылады. Өйткені көз жасы
сөздерге сыймайтын мағыналарды арқалап, жеткі-
зе алатын бір тіл, пенде сол арқылы өзі де ойлай ал-