130
Хикмет
баспа үйі
Өйткені, тек көңілдегі күнәлардан пайда болған
жараны өмірі бойы кезінің жастарымен жуып-
тазартқан көңіл қаһармандары ғана кешірімнің
жәннатына кіретін ғашық көңілдер қатарына қосыла
алады. Сол үшін пайғамбарлардан бастап барлық
әулиелер, салихтар мен турашылдар таршылық пен
молшылықта, қайғы мен қуанышта үнемі Аллаһ
Тағалаға жалбарынып, мінәжат етумен өткен.
Өйткені пайғамбарлардың өзінде еріктен тыс қателік
болып саналатын «зәллә» болғандықтан, тәубе мен
истиғфардан ада қалатын ешбір құл болмайды. Тәубе
мен истиғфар, негізгі мәні жағынан ішкі өкініш пен
жалбарыныш болғандықтан, Аллаһқа жақындаудың
ең әсерлі дәнекері.
Екінші жағынан, Аллаһ Тағаланың құлдарына
берген қиыншылықтар мен ауыртпалықтар арқылы
құлдарынан сүраған тәубе мен көз жасының барлығы
мәңгіліктің саудасы. Әрі сондай пайдалы сауда, мұны
түсінген адам ешқандай пәлекеттен шағымданбай
шексіз табысқа қол жеткізеді. Осылардың бірі ретін-
де Хазіреті Мәуләнә тамаша баяндайды:
«ХақТағала осыдүниеде сенен бірнешетамшыкөз
жасын апады, бірақ есесіне саған қаншама жәннат
кәусарларын сыйлайды. Ол сенен ынтықтық пен
ауыртпашылыққа толы өкініштер мен жалбары-
нышты алады әрбір өкініш пен жалбарыныштың
есесіне жүздеген жоғары мәртебе мен қол жетпей-
тін дәрежелер береді».
Бірақ әрбір жылау бірдей емес екендігін де білу ке-
рек. Олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Сон-
дай-ақ суық, өтірік еңіреулер - ғапылдық пен алдау
ғана. Суфиян Сәури (құддисә сирруһ) былай дейді: