Хикмет
баспа үйі
131
«Жылаудың он түрі бар. Бұлардың тоғызы рия.
Біреуі ғана Аллаһ үшін. Міне, осы Аллаһ үшін жы-
лау -жылына бір рет болса да құлдың жәһаннамнан
құтылуына, иншаллаһ, себеп болады».
Риуаятқа қарағанда, күйеуімен ренжіскен бір әйел
жылап, қазыШурәйхқа жүгінеді. Осы кезде сол жер-
де болған Шағби оған:
«Әй, Умайа! Бұл әйел шынымен зұлымдыққа
ұшыраған деп ойлаймын. Қалай жылағанын
көрмейсің бе?» - деді.
Сонда қазыШурәйх айтты:
«Әй, Шағби, Юсуфтың бауырлары да залым бола
түра әкелеріне жылап барған емес пе еді. Жылауға
қарап үкім шығару дұрыс емес!»
Мұндайкөзжасы, әрине, қабылданбайды. Екінші бір
жиіркенішті кезжасы, пақырлық пен төмендікті біл-
діретін жылау. Бұлар маңдайы терлемей, бишаралық
шеккен адамдардың босқа жылағаны, мұндайларға
марқұм Акиф былай ескерту жасайды:
Ой, жылап, ойбайлағанды қойыңдар!,
Жылаған пайда берсе, әкем түрар еді!
Көз жасынан не түседі? Неге тер төкпейсіңдер?!
Біздің айтқанымыз Аллаһтың қалаған жыла-
уы, халімізді дос-дүшпан алдында төмендететін
көз жасы емес, керісінше, көкке көтеретін, көңілді
миғражға шығаратын жылау. Қалайша терең дари-
ялар қаншама күл-қоқысты арқалап, оларды түбіне
батып кетуден қорғаса, біздің көз жасымыз да бізді
батудан сақтап, үстіне көтеріп және мақсат етілген
жерге жеткізетін су сияқты болуыкерек, бұл көбінесе