Хикмет
баспа үйі
пен мархабаттан мақрүм адамдар болса, олар өмірдің
адасқан және қайғылы жолаушылары.
Сол үшін көңіл, тәубе мен көз жасының ішінде
барлық жақсы қасиеттерге қол жеткізіп, Раббыға
бет бұруы керек. Бұл бет бұру, сөз жоқ, өмірдің
барлық сәтін қамтуы керек. Сонымен қатар кейбір
қымбат уақыттар құлдар үшін ерекше бір табыс мер-
зімі. Бейне бір көктем маусымының басқаларының
арасындағы құны мен сұлулығы сияқты құлдарға бе-
рілген сондайруханикөктемдер бар, бұлардың ішінде
ең құндысы, ішінде мың айдан да қайырлы бір түнді,
яғни Құранның Ләухи Махфуздан дүние аспанына
түсіріліп, әлем мен адамдарды нұрға бөлеген Қадір
түні орын алған Рамазан айы. Қауышып отырған
бұл мүбәрәкжәне ерекше ай, түн сияқты қарайған
көңілдерге жарық беретін нұрлы толған ай. Көктен
жерге миғраж үшін ашылған бір терезе. Бұл ретте
көңілі ояу мүминдерге керегі бүкіл өмірін осындай
ерекше аядан алған фәйіз және берекетімен, яғни Ра-
мазан сезімталдығымен өткізуі керек. Өйткені, осын-
дай емірмен безенген салих көңілдерге қиямет өкініш
күні емес, бейне бір мейрам таңы болады.
Раббымыз барлығымызға осындай мейрам таңын
нәсіп етсін! Ғашықтық, ынтасы және шынайы көз
жастарымен иләһи рахмет пен мағрифатына жеткіз-
сін!
Әмин!
134