Хикмет
баспа үйі
129
күнәларын тазартуын қалайды. Осы орайда Хазіреті
Мәуләнә көз жасының маңызын былай баяндайды:
«Шамжылап,көзжасынтөккенде,одандажарқырай
түседі. Ағаштың бұтағы да жылаған бұлттың бере-
кетімен және күннің жылуымен көгеріп, тазарады.
Яғни, жемістің өсуі үшін жылу мен су керек».
«Дәл осылар сияқты тәубенің қабыл болуы үшін
де бұлт пен найзағай, яғни көз жасы мен көңіл оты
керек».
«Егер көңіл найзағайы жарқылдамай, көз бұлты
жаңбыр жаудырмаса, нәпсінің ашу оты мен күнә
алауы қалай сөнеді?
Қауышудың фәйізі, яғни иләһи көрініс нұрының
жарығыкөңілде қалай орыналады?Рухани бұлақтар
қалайша атылып ағады? Жаңбыр жаумаса гүл
бақшасы көгалға қалай сыр айтады?Жауқазын жас-
минмен қалай уәделеседі?»
«Табиғатты жөніне қалдыр, қатты жыласын.
Бұл топырақтар судан айырылса сорға айналады.
Өзендер мен сайлардан бөлек, алыс қалған сулар да
сарғайып, иістеніп, лайланып, қарайып кетеді».
«Жәннат сияқты жап-жасыл бау бақшалар су-
сыз қалса, сарғайып, солып ауру мекенге айналады
(Адам да солай)».
Осы халден қорғану үшін де Шұғайбтың
(алейһиссәләм) көзі жылаудан көрмей қалған. Хазі-
реті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да:
«Менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар
едіңдер, ішкен тамақгарың сіңбес еді».
(Суюти, Жамиус-
Сағир, Ит, 10 б) -
деген.