Previous Page  123 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

125

Өйткені үнемі тәубесін бұзған адам шайтанға

масқара болған адам деген сез. Ол енді қай кезде тәубе

етсе де, шайтан мен шайтанға айналған бір ғапыл:

«Нендей өкініш, сені қара!» десе, дереу тәубесін тағы

бұзады. Сол үшін аятта:ً

���ُ�َ�ً �َ�ْ�َ�ِ �

ا

�َ�ِ

ا ا

�ُ��ُ�

ا

�ُ�َ�َ

َا

��ِ��

ا

�َ� �

�َ

ا

�َ�

«Ей, иман етушілер! Толық ықылас пен

шындықпен тәубе етіп, Аллаһқа бет бұрыңдар...»

(Тахрим сүресі 8)

делінген.

Осы ақиқатты меңзеп, шайыр тәубеге бет бұрған

көңілдерге былай ескертеді:

«Бірнеше сөзбен тіл истиғфар еткенде, көңіл ғапыл

болса, нәпсі мыңдаған дәлізге кірер!

Рахмети Тәубе мәселесіне келсек, мына жәйт та

назар аударарлық:

Жамиус-Сағир деген хадис кітабында адамдардың

амалдарын жазатын періштелерден күнәларды жаза-

тын періште күнә жасалған соң алты сағаттан кейін

жазатындығы, осы уақыт ішінде, бәлкім, тәубе етер

деп күтетіндігі айтылады. Сол себептен: «Тәубемде

тұра алмаймын, тағы күнә істеймін, сондықтан тәубе

етпеймін!» демей, үнемі истиғфар ету керек. Өйткені,

Аллаһ Тағала нәсіп етіп, тәубе енді бұзылмауы

мүмкін. Бірақ, тәубе - кешірім сұрау болғандықтан,

шынайы өкініштің болуы және кешірілуі сұралған

күнәнің енді екінші ретжасалмауы турасында нақты

бел бууды қажет ететіндігін де білу керек. Сол үшін

Аллаһ Тағала былай ескерту жасайды:

«...Шайтан Аллаһтың кешірімділігіне сендіріп,

сендерді алдап жүрмесін».

(Лұқпан сүресі 33)