Previous Page  171 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

173

береді және кім һидайөтқа келеді екен оны ең жақсы

Сол ғана біледі».

(Қасас сүресі 56)

Сондықтан, жасалған уағыз қабылданбаса да,

ең жоқ дегенде жамандықтың жылдамдығын

тоқтататындығын және келешекте нәтиже беріп,

тура жолға келуіне себеп болуы мүмкін екендігін де

үмытпау керек. Сонымен қатар уағыздаушы белгілі

бір нәтижеге қол жеткізе алмаса да, осы міндеттің

жауапкершілігінен құтылады. Өйткені, Аллаһ жо-

лында қосылып қол жеткізе алмаған күрестен гөрі,

қосылуға мүмкіндік бола тұра шет қалып, ынта

танытпаған күрестен жауапты болары хақ. Иләһи та-

разыда тартылатын да осы тұрғысында міндетімізді

атқарып, атқармағандығымыз.

Сондай-ақ, бір пайғамбар келіп, қалың қауым оған

мойынсұнып, һидайятқа келген; және бір пайғамбар

келген, һидайят азғана жамағатқа нәсіп болған. Яжи

һидайятқа жеткізетін Аллаһ, бірақ пайғамбарлардан

бастап барлық үмбет Исламды ұстанып, уағыздауға

мәжбүр.

Қысқасы, уағыздың отбасы мен балалардан ба-

стап, бір мұсылманның негізгі болмысына айналуы

шарт. Әрбір мүмин әр жағдайда уағыздаудың жо-

лын қарастарып, шамасы, білімі, мәдени дәрежесі,

жүрек кемелдігі мен отырған орнына қарай қажетті

дінге шақыру міндетін орындауға және адамдарға ой

салуға тырысуға жауапты. Өйткені, Құран Кәримде

баяндалғанындай, Аллаһ Тағала құлдарынан шама-

лары жетпейтін нәрсені талап етпеген. Бірақ, шама-

сы келгенінше міндетін орындауға жауапты еткен.

z