Previous Page  169 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

171

й

себеп болатын жағдай екендігін естен шығармау жөн.

Бұл дін бір сөзбен айтқанда Аллаһтың ақиқатына сай

түрде білінуі және ғибадаттар арқылы құрметтелуі.

Өйткені, әлемнің жаратылу себебі осы.

Бір кезде немесе бір жерде діни өмірдің әлсіреп,

адамдардыңқатежолға түскендігі байқалса, олжерде

уағыз ісі иманнан кейін ең бірінші және ең маңызды

міндет түрінде көрініс табады. Хақ пен жақсылықты

уағыздау турасында бір жетістікке қол жетпесе,

көптеген заңды істердің де заңдылығы жоғалады.

Мысалга ананың сүт еметін шағындағы баласын емі-

зуі қандай ғазиз және мүбәрәк іс! Алайда, үйі жанып

жатқан ана қарекетсіз баласын емізіп отыра бер-

се жауапты болады. Өйткені өртке қарсы бір нәрсе

істеу, сол сәтте баланы емізуден де маңызды және

күттірмес бір іс. Міне, діннің мысалдағыдай жеңіліс

тапқан кезінде хақ пен жақсылықты уағыздайтын

бір қауым болмаса, басқа істермен айналысу, басқа

уақыттардағыдан да ауыр жауапкершілікті қажет

етеді.

Бұл Ислам нығметі бізге 1400 жылдан бері

мыңдағанқиыншылық-тармен, азаптарменжеткізіл-

генін ұмытпау керек. Біздің міндетіміз -осы аманат-

ты бізден кейінгі үрпақтарға сол қалпында мұқият

жеткізу. Бұл турасында қазір жанқиярлықпен, хақ

пен жақсылықтың басым болуы үшін қажырлы бо-

луды қажет ететін кезең. Бұл негізінде қисынды

шындық. Өйткені, батпақтағы машинаны итерген

адамның еңбегі мен тегіс жолда итергеннің еңбегін

салыстыруға болмайды. Бұл жерде тағы бір мәселе

бар. Ол итерілген машинаның доңғалақтарының

батпақтаншығуы үшін бір баланың білегіндей күшке