Хикмет
баспа үйі
167
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы-
лайша уағыздан бұрын олардан өзінің ешқашан
өтірік айтпайтын, сенімді және шыншылдығымен
құптау алады. Яғни кәміл әрі дұрыс бір тұлға екенді-
гіне айналасын сендірген еді. Тіпті атақты күпірлікті
жақтаушы Әбу Жәһил де Расулуллаһқа (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) өтірікті таңа алмай, оған тек бы-
лай деп қарсы шықты:
«Ей, Мұхаммед! Біз сені өтірікшісің деп
жатқанымыз жоқ. Сені «әл-Әмин» деп, мына Мек-
ке халқы, яғни біз атадық. Сен өтірік айтып жатқан
жоқсың. Бәлкім, сені осы міндетті жеткізген періште
қателестіріп тұрған шығар.»
Аллаһ Тағала бұл мәселені аят кәримәде былай ба-
яндайды:
«Олардың айтқандары сені расында ренжіткенін
білеміз. Негізінде олар сені өтірікке шығармайды,
бірақ ол залымдар айқын түрде Аллаһтың аяттарын
жоққа шығарады».
(Әнғам сүресі 33)
Көріп отырғанымыздай, Аллаһ Расулының
ең үлкен дұшпаны Әбу Жәһилдің өзі оның дара
адам екендігін мойындайды. Тіпті Расулүллаһты
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көре салып, оның
тек халінен әсерленіп, «бұл жүз өтірік айтпайды»
деп, иман еткендер болған. Міне, көңілді алуда бұл
мәселенің де өте маңызды әрі қажет екендігін жоққа
шығаруға болмайды.
Сондай-ақ түркі тарихының дара түлғасы Фатих
Сұлтан Мехмед Хан да Стамбулды жеңіп алғаннан
кейін, он жылдан соң Боснаны жеңіп алады.