Previous Page  162 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

Аят кәримада Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Мүмин еркектер мен мүмин әйелдер бір-

бірлерінің бағушылары. Олар жақсылықгы өмір

етіп, жамандықган тыяды, намазды дұрыс оқиды,

зекет береді. Аллаһ пен Расулына мойынсұнады.

Оларға Аллаһ рахмет етеді. Шүбәсіз Аллаһ ғазиз,

хикмет иесі. Аллаһ, мүмин еркектер мен іиүмин

өйелдерге, ішінде мәңгі қалу үшін астынан өзендер

ағып жатқан жәннаттар мен Адын жәннаттарында

тамаша мекендер уәде етті. Аллаһтың ризашылығы

бәрінендежоғары.Міне, үлкенкұтылу (бақыттылық)

осы».

(Тәубе сүресі 71-72)

Адамдардың ең бақыттылары жүректерін Құран

Кәрим мен Сүннеттің аясында рухани мекенге ай-

налдырып, мақлұқатты соның ішіне қамтығандар.

Және де олар, Құранның сырларынан нәсіп апып,

шынайы иманды өмір кешіп, жүректерін соңғы дем-

ге дейін нәпсіқұмарлықтың жетегінде бір ақылдың

азғындығынан қорғайды. Өйткені, адамның негізгі

мәні мен қасиеті - фәйізге толы жүрекпен өмір сүріп

және сол қалыптағыжүрекпен дінді уағыздау.Жүрек

рухани тұрғыдан тікенге толып түрып, уағызға ты-

рысу - үлкен әлсіздік. Дініміз адам рухының рагі

болып табылатын «қырсықтық пен бір беткейлікті

қабылдамайды; көңілге қарапайымдылықты, ма-

хаббат пен мейірбандықты ұялатады. Мүминнің жан

дүниесі әрбір қара түнек және қайғылы жүректер

шаттыққа бөленіп, күлімсірейтін бір гүлістан болуы

керек. Сондықтан да жүрек пен тәнді бейне бір тікен

сияқты сезімдерден, ойлар мен іс-әрекеттерден тазар-

тып, уағыздаушы халге жеткізуі шарт.

164