166
Хикмет
баспа үйі
Сондай-ақ Аллаһ Тағала тағы бір аят кәримада:ِ
�َ�َ�َ�ْ�
ِا
�َ�ِ�ْ�َ�ْ�
ِ و َا
�َ�ْ�ِ�ْ��ِ� َ�ِّ�َ
َر
��ِ�َ� �َ�ِ
َاُدْع ُا
�َ�ْ�َ
َا
�ِ� �ِ��
��ِ�ْ �ُ�ْ�ِ
د
�َ�َ
و
«
(Расулім)
Сен Раббыңның жолына хикметпен,
жақсы насихатпен шақыр! Және олармен тамаша
түрде күрес...»
(Нахл сүресі 125)
делініп,шақырудың әдебі
баяндалған. Сол себепті, өмірі жанды Құран болған
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өнегелі тұлғасынан үлгі алып, оның үйретіп кеткен
әдебі мен тәсілдерін орындау керек.
Бұл жағдайда мүмин алдымен өзінің жан дүниесін
Исламның әсемдігімен және тамаша қасиеттерімен
безендіріп, көркем мінез бен іс-әрекеттерімен
айналасының сенімін алған біртұлғалық мінезге ие
болуы керек. Сондай-ақ Расулуллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Сен
(алдымен)
ең жақын туыстарыңа ескерт!»
(Шуара сүресі 214)
аяты түскен кезде Құрайыш тайпасын
Сафа төбесіне шақырып, үлкен тастың үстіне шығып,
оларға дауыстап былай дейді:
«Ей, Құрайыш қауымы! Мен сендерге мына
таудың етегінде немесе мына ойпатта атты душ-
пандар бар; сендерге шабуыл жасап, малдарыңдыша-
уып кетеді десем, маған сенесіңдер ме?»
Олар еш іркілместен былай деді:
«Иә, сенеміз! Өйткені, осыған дейін сені шыншыл
деп таныдық. Сенің өтірік айтқаныңды еш естімедік!»