162
Хикмет
баспа үйі
Õࢢà æ¯íå ¾à¢ñûëû¢¢à øà¢ûðó
-2-
Аллаһтың Кітабы мен Расулуллаһтың Сүннетін
емірде ұстану үшін хақты уағыздап, халыққа қызмет
ету міндетінің көңілімізде құштарлыққа айналуы
шарт. Өйткені, бір мүминнің өмірі қызмет пен дінді
уағыздау болу керек.
Сөзсіз, шынайы мүминді басқа адамдардан ерек-
шелейтін ең маңызды сипаттардың бірі - оның мей-
ірімді болуы. Уағыздау да сол мейірімнің жемісі.
Мейірбандықтың бір керінісі болып табылатын хаққа
және жақсылыққа шақыру, мүминнің ең алдымен өз
басында іске асуы шарт.
Хақ пен жақсылыққа шақыру үшін ең алдымен,
хақ пен жақсылықтың мәнін нақты түрде білуі ке-
рек. Өйткені, наданның уағызының тек сөз жағынан
ғана емес, бәлкім, мәні жағынан да қателіктерден
ада болуы мүмкін емес. Олай болса, бұл жолда ең
басты қажеттілік - ғылыми және рухани байлық.
Өйткені, иманмен пенделік өмірінің, ақылменжүрек
тепе-теңдігі ішінде болуы үшін осы екі байлыққа
қажеттілігі бар.