Хикмет
баспа үйі
163
Сонымен қатар, діни мәселерді «діни қажеттілік»
жағынан білу, білім ретінде әрбір мұсылманға па-
рыз болғандықтан әрбір мүмин ең аз дегенде осы не-
гізгі мәселелерді білуі керек. Білмейтіндер, ғылым
мен рухани кемшіліктерін тезірек жетілдіруге ты-
рысып, осы үйренгендерін өмірінде қолданып, ілі-
мін парасатылыққа айналдыруға тырысуы керек.
Өйткені, хақ пен жақсылыққа шақырудың әсері,
көңіл көкжиегіміздің тереңдігіне байланысты. Ол да
жандүниеміздің фәйіз және руханиятқа толы болуы-
мен мүмкін.
Хазіреті Мәуләнәнің айтқаны сияқты:
«Дорбаны толтырып жатып, астындағы тесік-
тен төкпеу керек».
Өзі ұстанбай, білімсіз, қалай болса солай,
ынта мен шабыттан мақрұм, дөрекі сездерден
қарапайым тәсілмен жасалған уағыздан көзделген
мақсаттуындамайтынындай, йныңжауапкершілігі
де үлкен болады.
Сол себепті мүмин жан дүниесін Исламның
сыпайылық, нәзіктік пен сұлулықтарымен безенді-
ріп, халімен, сөзімен және іс-әрекеттерімен үлгі ре-
тінде хақ пен жақсылыққа шақыруда өнеге болуы
керек. Өйткені хаққа шақыру қызметінің ақиқаты
Раббыға сүйіспеншілікпен бет бұруда жасырылған.
Сондай-ақ Хирада алғашқы уахиды қарсы алған Ха-
зіреті Пайғамбардағы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы пәк сүйіспеншілік, оның рухын уағыздың фәйізі
мен шабытына толтырып, оны миғражда иләһи
құзырға көтерген.