Хикмет
баспа үйі
Тарихтағы атақты залым Хажжаж зұлымдығы-
мен атағы шықса да, философ табиғатты адам
еді. Бір күні жүма намазында оны көрген хұтпа
оқушы:
«Аллаһтың ең сүйетін ісі - залым басшыға
хақсыздығын бетіне айту» -
деген әмірді назарға
алып, хұтбада ауыз толтырып ауыр сөздер айтты.
Хажжаж Залым тыныш отырып тыңдады.
Намаздан соң хұтпа оқушыны құзырына
шақыртып, одан: «Сен хұтпада не айтқаныңды маған
айтшы қане?!» - деп сұрады. Хұтпа оқушы қалайда
басының алынатындығын ойлап түрса да, кейін
шегінбей, Хажжажға хұтпадағы сөздерін одан да
қаттырақ бір әсермен қайталады. Хажжаж:
«Қызық нәрсе!» - деді.
«Сен білімді адамға ұқсайсың. Бірақ, Исламға
шақыру тәсілдерінен бейхабарсың. Сен Құранды
еш оқымайсың ба? Сенен неше мәртебе абзал болған
Мұсаны (алейһиссәләм), менен де бетер және нағыз
кәпір Перғауынға жібергенде Аллаһ Тағала оған
«ләйін», яғни судың ағысындай жұмсақ сөйлеуді
әмір еткен жоқ па?»
Хұтпа оқушы қатесін түсінді. Кешірім сұрап,
Хажжаждың кешірімінің арқасында басын аман
алып қалды.
Мұсаға (алейһиссәләм) уахи етілген және бізге бір
мысал ретінде ұсынылған тек осы оқиғадағы иләһи
бұйрық қана
(Қараңыз. Таһа сүресі, 43-44)
емес, көптеген
аят кәримәлерде уағыздың жұмсақ және хикметті
сөздермен қарсыласы адамның көңілін қалдырмай
жасалуы қажеттігін баяндайды.
165