Previous Page  69 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

71

«Ол түнде намазға тұрғаныңды, сәжде еткендердің

арасында жүргеніңді де көріп тұр».

(Шуара сүресі 218-219)

дейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)осы

аят кәрима түскен соң түнде сахабалардың үйлерін

аралап, ол үйлердің Құран оқумен, зікір дауыстары-

мен араның үясы сияқты ызыңдағанын керетін.

Көңілдегі сүйіспеншілік пен иләһи махаббат

қаншалықты күшті болса, әлбетте, түнгі намазы мен

зікірге деген ынта да соншалықты көрініс табады.

Бұл тұрғыдан түнгі намаз бен зікір, бейне бір жармен

қауышып, сұхбаттасу мәніне ие.

Аят кәрималарда былай делінеді:

«Түнніңбіраз бөлігіндеОған сәждеқыл, түнніңкөп

бөлігінде Оған тәсбих айт. Мына адамдар тез өтіп ке-

тетін дүниені жақсы көріп, алдарындағы қиын күнге

(ақыретке)

немқұрайды қарайды».

(Инсан сүресі 26-27)

«Ол тақуалар түнде намаз оқып, истиғфар жа-

сау үшін жамбастарын

(жылы)

төсектен ажыратып,

Раббыларының азабынан қорқып, рахметін тілеп,

дұға етеді. Өздеріне берген ризықгарымыздан қайыр

жолдарына жұмсайды».

(Сәжде сүресі 16)

Расында, рухани кемелденген мүминдер үшін түн

тыныштық пен фәйізге толы болғандығынан ерекше

ғанибет. Бұл ғанибеттің қадірін дүрыс түсінгендер,

әсіресе, түн ортасынан кейін, яғни әлемді тұңғиық

тыныштық жапқан сәтте дұға, ғибадат және Хақ

Тағалаға зарлы мінәжаттарының қабыл болуы үшін

Раббыларына бет бүрудың фәйізді уақытын таба-

ды. Қалай күндізгі уақыт тән қорегін қамтамасыз