68
Хикмет
баспа үйі
Сөзсіз, иләһи жақындықтың жолы - құлдың Раб-
бысын ұмытпауы. Көреген мүминдер қай жаққа
қараса да Оның зікір нұрын көріп, неге құлақ салса
оның зікір дауыстарын естиді. Біз де осы дүниеде
Раббымызды қаншалықты түсінсек, ертең ақыретте
Аллаһқа сол дәрежеде қауышамыз.
Таза ұжданмен емір сүрудің, иманмен өліп,
мәңгілік шаттық пен зейнетке қауышудың жолы
- Раббты ұмытпау. Өйткені, Раббысын үмытқан
адамның өмірі ғапылдық иірімінде зая болып кетеді.
Ол ғапылдықтан тек өліммен оянады. Алайда, ол кез-
де барлық нәрсе бітіп, үлкен қасіретке тап болады.
Аят кәримада былай айтылады:
«Аллаһты ұмытып, сол себепті Аллаһ та олардың
өздерін ұмыттырған адамдар сияқгы болмаңдар.
Олар жолдан шыққан адамдар».
(Хашр сүресі 19)
Сахабалардың біреуі:
«Уа, Расулаллаһ! Ислами үкімдер көбейді. Маған
Аллаһтың ризашылығы мен ақырет бақытына оңай
қол жеткізетін бір нәрсе үйрет. Соны істейін» деген-
де, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
«Тілің Аллаһ зікірімен үнемі сулы болсын»
(Тирмизи,
Дәауат, 4; Ибн Маже, Әдеп, 53) -
деген.
Аллаһты зікір ету Аллаһ сөзін қайталаудан ғана
тұрмайды. Зікір тек сезу қабілетінің орталығы болып
табылатын жүректе орныққан кезде ғана ниет пен
амалдардың белгілі дәрежеге жетуіне себеп болады.
Осындай зікір құлдың «әлмисақтан «Иә! Сен біздің
Раббымызсың!» деп, Аллаһ Тағалаға берген сезінде