Previous Page  61 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

63

Раббымыз өз аят кәрималарымен ғапылдарды оя-

тып, барлық жаратқан нәрсесі езін танитындығын

және біздің түсінігіміз жетпейтін, өздеріне тән тіл-

дерімен Жаратушысын зікір ететіндігін айтады.

Мақлұқаттың зікірін ести білу тек қана ғибадат,

зікір, тәсбих және шынайы құл болып өткізілген

өмір нәтижесінде көңілдіңтазаруы мен осылайша

ғапылдық перделерінің ашылып, ақиқат әлемін

түсінумен мүмкін болады. Юнус Әмре Хазіретінің

сары гүлмен өткізген сұхбаты осыған жатады. Ұлы

Хақ досы Әзиз Махмуд Һудайи Хазіретінің мына

әңгімесі өсімдіктер әлемінің де Аллаһты зікір етумен

шұғылданатынын тамаша баяндайды:

Бір күні Үфтаде Хазіреті мүридтерімен бірге қыр

сұхбатынашығады.Әмірі бойыншабарлықдәруіштер

қырдың еңтамаша жерін аралап, ұстаздарына бір-бір

құшақ гүл әкеледі. Бірақ, Қазы Махмуд мырзаның

қолында ғана сабағы сынған, солғын бір гүл бар

еді... Басқалары қолдарындағысын үстаздарына

қуана үсынғаннан кейін Қазы Махмуд басын иіп, сол

сынған, солғын гүлді Үфтаде Хазіретіне үсынады.

Үфтаде Хазіреті таңданып қарап түрғанмүридтерінің

алдында:

«Балам Махмуд! Бәрі құшақ-құшақ гүл әкелгенде

сен неге сабағы сынық, солған гүл әкелдің? - деп

сұрады.

ҚазыМахмуд әдеппен басын иіп, былай жауап бер-

ді:

«Тақсыр! Сізге не ұсынсам да аз. Бірақ, қай гүлді

жұлмақ болып қолымды созсам, оның «Аллаһ,

Аллаһ» деп, Раббысын зікір еткенін естідім. Көңілім