Previous Page  59 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

61

стар, Пайғамбарымыздың мұғжизасы мен тіл бі-

тіп, оның туралығын құптап, Хақ Тағалаға зікір

еткен. Хазіреті Мұсаның қолындағы таяғы болса,

ол да Аллаһтың құдіретімен айдаһарға айналып,

Перғауынды қорқытқан. Және бір кездері Қызыл

теңіз, иләһи әмірге бас иіп, Хазіреті Мұса мен сахаба-

ларына жол болып, керісінше, артындағы Перғауын

мен оның әскерлеріне келгенде, оларды танып, жой-

ып жіберген. Пайғамбар мешітіндегі құрма шөркесі

де Расулуллаһтан айырылып, қайғырып, егіліп

жылаған. Сондай-ақ көптеген жануарлар да өздеріне

зұлымдық жасаған иелері туралы сол Жараты-

лыс Нұрына (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шағым

жасаған.

Хазіреті Мәуләнә мына түйінді жолдарымен жан-

сыз заттардың иләһи бұйрыққа мойынсүнуларын

қандай тамаша баяндайды:

«Көрмейсің

бе?

Бұлттар,

күн,

ай

мен

жұлдыздардың барлығы бір тәртіппен әрекет етуде.

Бұл сансыз жұлдыздардың әрқайсысы, уақытында

туады, кешікпейді де, ерте шықпайды да.

Бұл ғажайыптарды қалайша пайғамбарлардың

мұғжизаларынан білмей, түсінбедік? Олар тас пен

таяққа да ақыл берді. Осыларға қарап басқа жан-

сыздарды таяқпен, тас сынығымен салыстыр.

Тас сынықтарының ғазиз Пайғамбарымызға

және таяқтың Хазіреті Мұсаға мойынсұнуы, басқа

да жансыз деп ойлаған барлық жаратылыстардың

Хақ Тағаланың бұйрығына қалай бас иетіндігін

білдіреді. Олар: «Біз Аллаһты білеміз және Оған

мойынсұнамыз. Біз кездейсоқ жаратылған бос нәрсе