Previous Page  62 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 382 Next Page
Page Background

64

Хикмет

баспа үйі

булардың бұл зікірлеріне кедергі жасауға разы бол-

мады. Шарасыз мен де қолымдағы зікір ете алмаған

мына гүлді әкелуге мәжбүр болдым».

Хазіреті Мәуләнә былай дейді:

«Құстың сұлтаны ләйләк. Оның «ләк, ләк» - тары

не екенін білемісің? Ол: Хамдү ләк, шүкрү ләк, мүлкү

ләк, уа, Мүстәан! (Яғни, мадақ саған, шүкір саған,

мүлік сенікі, ей, жәрдем күтілген Раббым!) деген

сөз».

Мұхиддин Араби (құддисә сирруһ) бұл жайында

былай дейді:

«Барлық жаратылыс өздеріне тән түрде Аллаһты

зікір етеді. Бірақ бұл жайында жаратылыстар әр

түрлі дәрежеде:

Мақлұқаттың ішінде ғапылдықтан ең аулағы

жансыздар. Өйткені олар, жеп-ішу, ауамен дем алу

сияқты қажеттіліктерді керек етпейді.

Жансыздарданкейінөсімдіктеркеледі.Қажеттілік

басталады. Өйткені, топырақтан, судан және күннен

алған қоректерін иләһи өлшеммен реттеп, түрлі-түсті

гүлдер, жапырақтар мен жемістер шығарады.

Одан кейін жануарлар келеді. Бұлардың өмірлік

қызметтері өсімдіктерден де кәміл. Сондықтан

қажеттіліктері көбейіп нәпсіқұмарлық артқан.

Адам қажеттіліктерінің шегі жоқ. Менмендік, ар-

ман мен дүниеуи ашкөзділік оны үнемі ғапылдыққа

жетелейді.»

Аят кәримада: