62
Хикмет
баспа үйі
емеспіз. Біз бәріміз Қызыл теңіз сияқтымыз. Ол
теңіз бола тұра тұншықтыратын Перғауын мен
Исрайл ұлдарын танып, ажыратты.»
Тас пен ағаш қайда болса, Хазіреті Мұстафаны
көргенде, міндетті түрде Оған сәлем берген еді ғой.
Міне, жансыз санаған барлық нәрсенің жанды екен-
дігін осылайша біл!»
Яғни тек адамдар мен жындар ғана емес, жан-жа-
нуарлар, тіпті жансыз заттарға дейін барлық жара-
тылыс құрметі үшін жаратылған Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иләһи бір сырмен та-
ниды. Оғаншексіз махаббатпен мойынсұнады. Бірақ,
дүние өміріндегі сынақ сырына байланысты адам
баласының кезіне жабылған ғайып пердесі көбінесе
мұны білуге кедергі болады. Хазіреті Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізді ғапылдықтан оя-
татын мына хадистері қандай ғибратты:
«Жындар мен адамдардың қарсы келгендерінен
басқа, жер мен көктегі барлық жаратылыс менің,
Аллаһтың Расулы екенімді біледі».
(Ахмед бин Ханбәл,
Мүснед, III, 310)
Бұл Аллаһ пен Расулын танып мойынсұну тек
адамға ғана тән емес екендігін көрсетеді. Керісінше
бұл жөнінде басқа жаратылыстардың да, сөзсіз, одан
да жоғары дәрежеде екендігін айтуға болады.
Аллаһ Тағала аят кәримәде бұл шындықтың басқа
бір жаратылыстағы көрінісін былай баяндайды:
«Құстарды және тәсбих ететін, зікір салатын та-
уларды да Дәуітке бас идірдік.
(Бұны)
біз істедік»
(Әнбия сүресі 79)