Previous Page  65 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

67

аспанның жылауы, жарқылдаған найзағайдан соң

шыққан күннің күркіреуі - аспанның кеудесінен

атқылаған айқын айғайлар.

Жер мен көктегі мақлұқтардың халдері ұғынатын

жүрек үшін керемет бір насихат. Ең кішкентай бір

құрттың иненің ұшындай жүрегіндегі жалбарыну-

ынан ең үлкен айбарлы жануарлардың ақырғанына

дейін барлығы, иләһи қүдірет ағысының бөлек-бөлек

керіністері.

Бұлбұлдардың тамшыдай ғана жүректерінен

төгілген жалбарыныш үндері, кептерлерден шыққан

«һу, һу», ләйләктарданшыққан«ләк, ләк»дауыстары

үғынатын көңіл үшін қандай әсерлі мадақтаулар.

Хақ Тағала аят кәримәде былай дейді:

«Көрмейсің бе? Аспандағылар мен жердегілер,

күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаштар, хайуанаттар

және адамдардың көбі Аллаһқа сәжде қылады. Тағы

талай адам азапқа дүшар болады

(оларға азап хақ)

...»

(Хаж сүресі 18)

Көріп отырғанымыздай, жаратылыс, тіпті жан-

сыз заттар да үнемі зікір халінде. Өкінішке орай

адамдардың кейбіреуі Аллаһтың зікірінен ғапыл

болуы себебінен азапқа душар болады. Расында,

әлемдегі зәррәлардан ғаламшарларға дейін, барлық

нәрсе Жаратушысын танып, қүстардың өзі ғибадат

пен жалбарынуын біліп, таулар, өзендер зікірлерін

жалғастыруда. Осылай бола түра әлемнің осы айбын-

ды зікір, мадақтау мен құлшылық бағдарламасы ал-

дында да адамның есін жимауы және осы ғибратты

көріністен үлгі ала алмай түнерген қалыпта Хақ

Тағаланы зікір етуден мақрұм қалуы, адамдық

қасиетіне сай келмейтін үлкен нұқсандық.