Previous Page  74 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

-1-

Аллаһ Тағаланың иләһи есім - сипаттарының осы

әлемде нақты көрініс тапқан үш жері бар:

Адам, Құран және Әлем...

Адам барлық иләһи есімдердің көріністерінен несі-

бе алған жаратылыс болып әлемнің негізін құрайды.

Сол иләһи есімдер көрінісінің сөз түріндегі көрінісі

де - Құранды білдіреді. Құран адамға қарағанда

түсініктірек. Бірақ, негізіндегі бірлігі үшін:

«Адам мен Құран егіз...» - делінген.

Иләһи есімдердің үшінші көрініс мекені болған

әлем болса, Құранның тәпсірі іспеттес. Әлем үнсіз

Құран, Құран да сезге оранған әлем. Адам негіз-

гі гауһары жағынан осы үнді және үнсіз Құран

нұрларының ішінде кемелденген көрініс сұлтаны ор-

нында. Бұл тұрғыда «адам, Құран және әлем» тура

бір тәухид жанұясы.

Аспан, қалайша жұлдыздармен қияметке дейін

салтанатты бір құдірет пен ұлылықтың көрінісі ре-

тінде қалатын болса, Құран да адамзаттың бағыты

мен келешегінің аспаны сияқты, «аят кәрима»

жұлдыздарымен жарқырап, қияметке дейін түрады.

76