Хикмет
баспа үйі
79
дігін баяндағандықтан, ондағы ақиқаттар тізбегінің
әлем сияқты шегіне жету мүмкін емес.
Бұл тәфәккүр мен іздену сезімін қалай қолдану
қажеттігі туралыҚұранның көптеген бағыт беруі мен
ескертуі арқылы адам баласына сызған бір көкжиегі
бар деген сез. Бұл мәселені жақсы түсініп, оның қай
жерлерге дейін бар екендігін білген жөн. Өйткені біз-
ге берілген ақыл, бір қол таразысы сияқты; бірақ,
тартатын ақиқат алып таулардың үлкендігіндей.
Сол үшін ақылды уахидың аясында ерітіп, оны
мойынсұнушылықпен безендіру шарт.
Сол себепті әлсіздігін түсініп, шамасын білген
тәпсіршілер, кез келген аят кәримәнің мағынасын
шамасынша түсіндірген соң:
«Ең дүрысын Аллаһ біледі...» - деп, оның Аллаһ
Тағала алдындағы ақиқаты қалай болса, солай екен-
дігіне сену керектігін баяндаған.
Өйткені, ас үйдегі қандай да бір ыдыстағы су-
мен мұхиттағы судың арасында құрамы жағынан
айырмашылық болмағанымен, мөлшер жағынан,
әрине шексіз айырмашылық бар.
Екінші жағынан анадан соқыр болып туылған
адамға түрді, өңді түсіндірсе, оның санасында
қалайда бір із қалдырады. Бірақ, бұл ізбен түрдің
арасында қандай үлкен мағыналық айырмашылық
бар?! Бұл өлшенбейді.
Сондықтан Құрандағы сөздерге осы тұрғыдан
қарап,олжерденадамдықшарттарарқылытүсінілген
мағынаның тура әрі кәміл мағына болғандығын айту-
дан аулақ болу керек.