Хикмет
баспа үйі
85
«Сөзсіз көктің, жердің жаратылуында, күн мен
түннің бірінің соңынан бірі келуінде таза ақыл иеле-
рі үшін (Аллаһтың бір екендігін көрсететін) накггы
дәлелдер бар. Олар тік турғанда, отырғанда, жамба-
стап жатқанда (әр сәт) Аллаһты зікір етеді, көк пен
жердің жаратылуы жайында терең-терең тәфәккүр
етеді және: Раббымыз! Сен бұларды босқа жаратқан
жоқсың. Сені мадактаймыз, бізді жәһаннам азабы-
нан сақта!»
- (дейді).
(Әли Имран сүресі 190, 191) (ИбниХиббан,
II, 386)
Осы аят кәрималар түскен түні Аллаһ Расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көктегі жұлдыздарды
да қызықтыратындай көз жасымен таң атқанша
жылаған еді. Аллаһтың құдіретімен мүминдердің
де көз жасы әлбетте, фәни түндердің көркі, қабір
қараңғылығының жарығы, ақыреттегі жәннат
бақшаларының шық тамшылары.
z
Аллаһ Тағала сыйлаған кейбір айлар, күндер мен
түндер бар, олар қауышуға қол жеткізудің мүмкіндік
сәттері. Раббымыз құрған аспан күнтізбесінде
он екі айдың кейбіреуін басқаларынан үстем ет-
кен. Аллаһтың айы болып танылатын «Режеп»
айы - осылардың біреуі. Жәһилдік кезінде де бұл
айда қылыш қынына салынып, қанды кектерге
тыныштық пердесі жабылатын. Ислам келген соң да
Режеп айына деген құрмет пен тағзым жалғасты. Бұл
мүбәрәк айдың, алғашқы жұма түні -періштелердің
сөзімен- «Рәғайып» және 27 түні «Миғраж» болып,
екі қасиетті түнге ие болған.